- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мектептердегі IV тоқсанды оқытудың форматы жөнінде арнаулы брифинг өткізді.
Атаулы шараға адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шарада облыстағы мектептердің аралас форматқа көшетіндігі айтылды. Анықтап айтқанда пәндердің бір бөлігі дәстүрлі түрде, қалған енді бір бөлігі қашықтан оқытылады Сонымен қатар 300 оқушыға дейінгі контингенті бар білім ұялары дәстүрлі жұмыс режимін жалғастыра береді.
«Баршаңыз білетіндей 25 наурызда Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің коронавирустық инфекцияны таратуға жол бермеу бойынша жаңа қаулысы шықты. Осыған байланысты биылғы оқу жылының соңғы тоқсанындағы оқу процесіне аз-кем өзгерістер енгізіліп отыр. Алдағы күндері 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша сыныптарды 25 оқушыдан артық толтырмай оқытуға жол беріледі. Сабақтың ұзақтығы – 40 мин. Ауысымдар бойынша сыныптар санын, сондай-ақ жекелеген пәндерді қашықтан оқытуды мектеп белгілейді», – деді Рақымбек Қуатбекұлы.
Айта кетейік, министрлік негізгі пәндерді штаттық форматта, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері сияқты пәндерді қашықтан өткізуді ұсынған болатын. Ал өткен III-тоқсан бойынша облыста 13 2064 оқушы дәстүрлі форматта, 28 6168 оқушы қашықтан білім алған болатын.
“Түркістан-ақпарат”.