«ТҮРКІ БАҒЫНДА» АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2  332 көрілім

Аталған демалыс саябағы 2017 жылы пайдалануға берілген болатын. Ал биыл Б. Саттарханов даңғылы бойындағы Желілік саябақтың жалғасы ретінде және Түркістан қаласының облыс орталығы атануына, сондай-ақ саябақтың ескіруі ескеріле ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынды.

Абаттандыру жұмыстары аясында қылқанды, жапырақты және қарағай сынды 1500-ден астам ағаш, 15 000 ш.м газон, жарық бағаналары, орындық, қоқыс жәшіктері мен 2 дана субұрқақ және спорттық балалар ойын алаңшасы орнатылады.

Одан өзге «Рәміздер алаңы» мен «Гүлдер саябағында» да абаттандыру жұмыстары жүруде. Демалыс орны жуық арада пайдалануға беріледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы