«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ-ҚАЙЫРЛЫ ІС» АТТЫ МӘДЕНИ ШАРАСЫ ӨТТІ

2  039 көрілім

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және наурыз айы – «Мәдениет айы» болып жариялануына орай, Түркістан көмекші мектеп-интернатында «Қайырымдылық – қайырлы іс» атты мәдени қайырымдылық шарасын өткізді.
Жыл сайын дәстүрге айналған игілікті іс аясында қорық-музей атынан 60 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары сыйға берілді. Еліміздің ертеңі балғын балаларды келе жатқан Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтаған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков жетпіс жылға жуық тарихы бар Түркістан көмекші мектеп-интернатында білім алып жатқан 150-ден астам балаға сапалы білім, саналы тәрбие беріп жатқан оқу ордасы ұжымына алғысын білдірді.
Мерекелік басқосу аясында бірінен бірі озған дарынды шәкірттер өлең оқып, ән шырқап, концерттік бағдарламасын ұсынды. Қайырымдылық іс-шарасы алдағы уақытта өзге де білім ұяларында жалғасын табады.


«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы