Қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен үйлердегі газбен жылыту жүйесі бойынша шұғыл мәжіліс өтті.
Жиын барысында Рашид Абатұлының тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Сонымен қатар, “Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі” басшысынан ескерту беріп, қалада көгілдір отынға қосылған барлық абонентті тексеруге тапсырма берілді. Яғни, заңды не заңсыз қосылғандығы және жұмыстардың талапқа сай орындалғаны бойынша тексеру жұмыстары мен тұрғындарға түсіндіру жұмыстары ширатылатын болады. Ол үшін еріктілер мен жауапты бөлімдер жұмыс жасайды.
Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша 42500 абонент газға қосылған. Жалпы, бұған дейін де алдын ала тексеру және түсіндіру жұмыстары газға қосылған тұрғын үйлерде жүргізілген болатын. Осы апта ішінде әрбір көгілдір отын тұтынып отқан үйлерді тексеру жұмыстары қатаң жүргізілетін болады.
ГАЗ ҚОЛДАНУДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ ТЕКСЕРІЛЕДІ
609 көрілім
