СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

848 көрілім

Бүгін қала әкімі Р.Аюпов қаладағы Отырар шағын ауданындағы алаңда сенбілікке әзірленген техникалардың жұмысымен танысты. Бұдан соң Рәміздер алаңында бұған дейін өткен #TurkistanTazaQala бастамасы аясындағы тазалық науқанына белсенді қатысқан азаматтар марапатталды. Атап айтсақ, «Отырар», «Бекзат», «Яссы», «Шавгар» және «Сауран» мөлтек ауданы тұрғындары, кәсіпкерлер қала әкімінің алғыс хатына ие болды.

Шаhар басшысы Рашид Аюпов өз сөзінде, жастарына қарамастан қолғабыс етіп жүрген үлкенді-кішілі азаматтарға алғысын білдірді. Ауа-райының салқындығына қарамастан көмек көрсетіп, жанашырлық білдіріп жүрген қала тұрғындарына алғысын білдіріп, әлі де жалғасатын тазалық науқандарында көпшілікке үлгі көрсете білуін өтінді. Сонымен қатар, тал егу жұмыстарына да қолғабыс етуге шақырды.Бүгін, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен қала аумағында кең көлемде бүкілқалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл жолы тазалық жұмыстарына шыққан жастар мен қаладағы барлық мекеме қызметкерлері, мектептер мен балабақшалар, орта арнаулы оқу орындары қаламыздағы орталық көшелерінен бөлек, өздеріне бекітілген аумақты тазалап, жол жиегіндегі талдарды әктеп, осы күні қаламыз бір еңбек майданына айналды.

Қаламыздың осылай көрейіп жатқанын көріп қала тұрғындары ыстық ықыластарын білдіріп жатыр. Қала әкімі бас болып, қаламыздың тазалығына мән беріп, оны халық болып жалғастырып жатқаны әрине сүйсінерлік жай. Әсіресе, қаланы, ауыл-аймақты көгалдандыруға көп көңіл бөліп, соған бар күшті салуымыз керек. Сонымен қатар, қаладағы мемлекеттік мекемелер, мектептер, орта арнаулы оқу орындары және әрбір қала тұрғындары өздерінің аумақтарын тазалап, ағаштарын әктеп мұнтаздай таза ұстауға күш салып, әр аптада сенбілік тұрақты өткізілетін болды. Кез-келген жердің тазалық көрсеткіші сол жерді мекендейтін тұрғындардың мәдени деңгейін көрсетеді. Ендеше, тазалық жұмыстарына дәрменсіздік танытпай, әрдайым жауапкершілікпен қарайық түркістандықтар демекпіз.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы