БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ – ТАТУЛЫҚ

633 көрілім

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2016 жылдан бастап 1 наурыз – Алғыс айту күні деп бе­кітілді. Мемлекет басшысы бұл күнді адамдардың бір-біріне және елге күштеп қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің қонақжай, бауырмал қазақ халқына алғыс айту күні екенін айтқан. Елімізде 140-тан астам ұлт пен ұлыс өкілі бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде. Қазақстан – азаматтық келісімді, түрлі мәдениет пен діндерді тоғыстырған көпұлтты, зайырлы мемлекет.

«Қазақ-өзбек бір туған» дегендей, біз қаншама атадан бері Қазақ елінде тұрып жатырмыз. Сондықтан, өзбек халқы еліміздегі басқа ұлттар секілді Қазақстан еліне, бауырлас қазақ халқына өз ризашылығымызды білдіреміз. Елімізде біздің өз тіліміз, әдебиетіміз, өнеріміз, мәдениетіміз, ежелден келе жатқан салт-дәс­түріміз дамуда. Ана тіліміздегі мектептерде білім алудамыз. Сонымен қатар, биыл жарыққа шыға бастағанына 30 жыл толған облыстық «Жанубий Қозоғистон» және 65 жылды еңсерген қалалық «Туркистон» газеттерімен мақтанамыз.

Қазақ елі – ежелден еш нәрседен тайынбаған, ешкімге мойынсынбаған ел. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» дегендей, туған жеріміз Қазақстан бүгінде Кеңестік одақ ел­дері арасында даму жағынан алғашқы қатардан көрініп келеді. Еліміз қаншама ұлт өкіл­деріне құт мекен болған арайлы өлке ретінде әлемде өзінің лайықты орнын алды.

Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері Ергеш Иззатуллаевтың немересімін. Мен де өмірдегі өз орнымды тауып, бүгінде қалалық мәдениет үйінде еңбек етемін. Алғыс айту күні мерекесінде қазақ халқының бойындағы бауырмалдылық пен мейірімге толы ерекше қасиеттерін өскелең ұрпаққа үлгі етіп, болашағымыздың жарқын болуына септігімізді тигізейік. Жылдан жылға бірлігіміз нығая берсін.

Атабек ЕРГЕШОВ,

қалалық мәдениет үйінің қызметкері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы