ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН САЙЫС ӨТТІ

3  294 көрілім

Түркістан Оқушылар сарайында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жасөспірімдер арасында шахмат турнирі өтті. Турнирдің ашылу салтанатына Түркістан Оқушылар сарайының директоры Индира Икапова, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Инара Намазбаева, Түркістан қаласы Шахмат федерациясының төрайымы Сидора Сыздықова қатысты.

Жарыс Түркістан қаласы әкімдігінің спорт бөлімі мен Түркістан қаласы Шахмат федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс шара жасөспірімдер арасында шахматты насихаттау және дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру  мақсатында өткізілді. Турнирге Түркістан және Кентау қалаларының  50-ден астам жас шахматшылары қатысып, бақтарын сынады.

Баланы жылдам ойлауға, шешім қабылдап қадам жасауға баулитын шахмат  сайысының нәтижесінде 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жүлделі орындарды  I орын Гүлсезім Оразбай, II орын Медина Исаева,  III орын Гауһар Ораз   Кентау қаласының қыздары иеленді. 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында Түркістан қаласының жас шахматшылары I орын Еркебұлан Ерболатұлы, II орын Медет Қанжарбай, III орын Діннұр Жарас еншіледі. Ал жарыстың 12 жасқа дейінгі бақ сынаушылар арасында I орын Жұмахан Нұрхан, II орын Әділхас Қасиет, III орын Түгел Жазираға, 10 жастағыларда I орын Баянбай Нұрислам, II орын Әбдіқас Ерасыл, III орын Әліпбеков Айсұлтанға, 8 жас аралығы бойынша I орын Тимур Хайруллаев, II орын Али Дархан, III орын Ораз Гаухарға бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталып, алғысхаттармен  марапатталды. Алдағы уақытта шахмат турнирі облыс көлемінде ұйымдастырылатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары