ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВТІҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫН 100 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ТАМАШАЛАДЫ

671 көрілім

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің есептік кездесуі Түркістан облысы әкімдігінің YouTube каналы мен ресми сайтында және Facebook-парақшасында онлайн режимде көрсетілді. Тікелей эфирді 100 мыңға жуық адам тамашалады. Әлеуметтік желіде байланысқа қосылған 20 мыңнан астам көрермен куә болды. Түркістан облысы әкімдігінің YouTube каналын бір мезетте 5 мыңға жуық азамат тамашалады. 3 мыңдай хат түсті. Бұдан өзге, тұрғындар облыс әкіміне тікелей сауал қойды. Шара барысында карантин талаптары толық сақталды. Барлық аудан, қалалардың тұрғындарына облыс әкіміне тікелей ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сауалдарын қою мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Интерактивті онлайн-режимде қосылған халықтың өтінім-ұсыныстарына заң аясында жауап беріледі. Түркістандықтар жолдардың жаңаруы мен ауылды жерлерді мекен еткен тұрғындардың сапалы ауыз су мен табиғи газбен қамтылуы жайлы сұрады. Медицина, мәдениет пен туризм саласының дамуына қатысты сауалдарын қойды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайлар мен Мақтаарал апатының қысқа мерзімде қалпына келтірілуіне алғыстарын жеткізді. Халқымыздың біртұтас ел екендігін дәлелдеген оқиғаны еске алған облыс басшысы, апаттың салдарын жоюға атсалысқан барша халыққа алғысын айтты. Облыс әкіміне Түркістанда жаңадан ашылатын телеарнаның болашағы туралы сауал қойды. «Елбасының идеясына, жобасына байланысты Түркістан түркі әлемінің рухани орталығына айналуда. Түркістанда көптеген БАҚ ашылып, қанат жаяды. Осының бәрін ескеріп, біз жаңа Turkistan телеарнасын құруды қолға алдық. Жаңа телеарна Медиа Холдинг қарамағында дамиды. Журналистер қауымы үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Орталық заманауи техникамен толық жабдықталған. Үлкен жұмыс басталып кетті. Turkistan телеарнасы халықаралық деңгейде дамиды, деген ой бар. Жақын арада ашылатын телеарна, түркі тілдес елдерінің тілінде ақпарат тарататын бірден-бір арна болмақ»,-деді облыс әкімі. Өмірзақ Шөкеев есептік жиынанда өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қол жеткен жетістіктер мен алдағы айқын міндеттерді айтты. Өңірде мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсетілетін қызмет сапасының артуы нәтижесінде тұрғындардан түскен өтініш-шағым өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға азайған. Бір жылда 703,3 млрд. теңге инвестиция тартылған. 141 мың шағын және орта бизнес қызмет етеді. Өткен жылдың ішінде 300 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілген. Ауыл ьшаруашылығы өнімінің көлемі 729,7 млрд.теңгеден асты. Білім саласында биыл 17 млрд.теңгенің құрылыс нысандары бой көтереді. Түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы Түркістан шаһарында наурыз айында Түркі тілдес елдерінің Мемлекет Басшыларының Саммиті өтеді. Сондай-ақ, Наурыз мейрамының қарсаңында Түркістан облысында 17-ші аудан –«Сауран» құрылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары