- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
«Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына сәйкес, конкурс жариялайды:
Бос лауазымдардың атауы:
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының «Шардара аудандық ветеринарлық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы.
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының «Сайрам аудандық ветеринарлық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы.
Лауазымдық міндеттері: Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау, оған жалпы басшылық ету; кәсіпорынға жүктелген міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; кәсіпорынға келіп түскен хаттар мен хаттамаларға және берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; өз құзіреті шегінде тиісті аумақта ветеринариялық шараларды ұйымдастыру; жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуілуін қамтамасыз ету; биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді, ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру; аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, диагностикалық зерттеулер жүргізу; аудан бойынша эпизоотиялық карталарын бекіттіріп, өздеріне тиісті бекітілген аумақтарға ветеринариялық дәрігерлерді жауаптылыққа бөлу; сібір жарасының эпизоотиялық ошақтарын, сібір жарасының топырақты ошақтарының координаттары мен шекараларын белгілей отырып, анықтауға және тіркеуге, эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету; жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу; ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету; жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету; құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою; ветеринариялық анықтама беру; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру; биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу; ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:
1) Қажетті бейіні бойынша жоғары білімінің және ветеринария саласына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;
2) мамандығы бойынша тиісті кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Бюджеттік Кодексті, Кәсіпорынның бейініне сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6. денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.
7. 3х4 мөлшерлі 1 фотосурет;
8. жеке куәлігінің көшірмесі.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері) беруіне болады.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
2) әңгімелесу.
Құжаттар тезтікпеге салынуы және конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми ақпарат құралдарында соңғы жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әкімшілік іскерлік орталық, Басқармалар үйі, Б-корпусы, 156 бөлме мекен-жайы бойынша тапсырылуы тиіс: Анықтама үшін cымтетік: 5-90-81, 8-708-126-54-55, Эл.пошта: b.kaldanov@ontustik.gov.kz
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында осы конкурс бойынша қатысуға жіберу алған күннен 10 жұмыс күн ішінде өтеді.
Осы лауазымдарға конкурсқа қатысқан адамға көтермеақы төленбейді, тұрғын үй мен жеңілдіктер берілмейді.
Түркістан облысының ауыл
шаруашылығы басқармасы.