ОБЛЫС СПОРТЫНЫҢ АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

2  201 көрілім

Киелі өңірге «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының шеф-редакторы, Алматы қалалық филиалының директоры Жандос Аянбек атбасын бұрып, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жарылқапұлы мен «Алаш прайд» Түркістан филиалының президенті Мұрат Ахановтармен жүздесті.
Өзара сұхбат барысында өңір спортының дамуымен қоса көне шаһарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары сөз болды. Әсіресе, киелі Түркістан өңірінің қазақ спортының дамуына қосқан елеулі үлесі айрықша тілге тиек етілді. Небір дарынды спортшыларды дайындаған түркістандықтар алдағы уақытта да көшбасшы ретінде алдыңғы қатардан көріне бермек. Бұған жаңа облыс ортылығында барлық жағдай қарастырылып отыр. Сонымен қатар, «Алаш прайд» Түркістан облысы филиалының президенті Мұрат Түймебайұлы соңғы жылдары жекпе-жек спортының әлемдік деңгейде қарқынды дамып, өңірде осы спорт түріне қызығушылық танытып отырған жастардың қатары артып отырғанын тілге алды.


«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы