2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің базасында басталды. Төрт күнге созылатын мектеп бағдарламасындағы 12 пәннен өтіп жатқан олимпиадаға аймақтық іріктеу сынынан іркілмей өткен оқушылар қатысуда. Еліміздегі карантиндік режимге орай бір күнде 4 пәннен өткізу жоспарланған олимпиаданың екі күндік қорытындысы бойынша білім бәсекесінде 252 оқушы математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндерінен білімдерін сынақтан өткізді.
Қалалық пәндік олимпиадада санитарлық талаптарды қатаң сақтаумен қатар әділ және таза өтуіне де баса назар аударылған. Облыстық «Дарын» орталығы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бақылауында өтіп жатқан олимпиадада қазылар алқасы оқушылардың жұмыстарын әділ бағалауда. Тағы екі күнге жалғасатын пәндік олимпиадада түркістандық оқушылар білім бәсекесіне қаншалықты дайын екендіктерін көрсететін болады.
«Түркістан-ақпарат».
ЕКІ КҮНДЕ 252 ОҚУШЫ БІЛІМ БӘСЕКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
791 көрілім