БОКСТАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ САҢЫЛАҚТАР 4-АЛТЫН, 4-КҮМІС, 6-ҚОЛА МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

942 көрілім

Жуырда Алматыда жастар мен жасөспірім қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өз мəресіне жетті. Шаршы алаңда Түркістан облысының құрама командасы 4-алтын, 4-күміс жəне 6-қола медаль еншілеп қайтты. Бокстан облысымыздың қыздар командасын жаттықтыратын аға бапкер Серік Абдулланың өзі кезекті республикалық жарысқа құраманы бастап барды. Шаршы алаңда қарсылас шыдатпаған 44 келі салмақта бағын сынаған түркістандық Əділхан Дельфина жеңістің тұғырынан көрінді. 57 келіде алтын алқа таққан Сəрсембек Ұлжан жеңімпаз атанды. Ал, 69 келіде жекпе-жекке шыққан Гауһар Шəйбекова қарсыластарынан айласын асырып, бас жүлдені жеңіп алды. Бұдан басқа жас та болса намысшыл Шарипова Айдана 81 келіде сынға түсіп, өз салмағында жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен қатар, 51 келіде жұдырықтасқан Ажар Төлепбай да талантымен көзге түсіп, аз ғана ұпай санымен күміс жүлдеге ие болды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп жекпе-жек өткізген бұл доданың қорытындысы бойынша Түркістан облысының қыздары 6 салмақ бойынша қола жүлдені иеленді. 46 келі салмақта облысымыздың үкілі үміті Аяулым Айтуова мен 70 келіде келешегі кемелді Балнұр Сұлтанова рингте тамаша өнер көрсетті. Жəне де 63 келіде Арайлым Нұрбай, 60 келі салмақта жұдырықтасуға шыққан Назым Əбдіхан мен 44 келі салмақ дəрежесінде жекпе- жек өткізген Айкөркем Еркін бар. Сондай-ақ, 80 келі салмақта өзінің шеберлігімен көзге түскен Лиман Тассайбек қола жүлдені қанағат тұтты. Бокстың жазылмаған өз заңы бар. Жекпе-жекте қарсыластарын зерделеп, зерттегеннен баста спортшының өзіндік тактикасы да қалыптасуы керек. Осылайша, түркістандық бұрымды боксшы қыздар бұл дүбірлі додадан өз шеберліктерін шыңдап, тəжірибе арттырып туған елге оралды.

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы