ӘКІМ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРДІ

925 көрілім

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов 2020 жыл қорытындысы бойынша шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халық алдында есеп берді. Қала басшысының былтырғы жылы атқарған есепті баяндамасының тезисі газетіміздің 2021 жылғы №2 (9550) 11 қаңтар күнгі санында толық нұсқасы жарияланған болатын. Есеп беру кездесуі карантин режиміне байланысты онлайн форматта Түркістан қаласы әкімінің (@the_rashid_ayupov (Instagram) және әкімдіктің ресми парақшаларында (@turkistan_qalasy_akimdigi (instagram) Түркістан қаласының әкімдігі (Facebook) парақшаларында өтті.

Сондай-ақ, жергілікті «Тұран-Түркістан» телеарнасының Youtube платформасындағы каналы арқылы тікелей көрсетілім жасалды. Карантин талаптарын сақтау қажетін және атқарылған, жоспарланған жұмыстар жайлы ақпаратты барынша халыққа жеткізу маңызын ескере, есеп беру іс-шарасына тек бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және тұрғындар тарапынан түскен өтінімдер бойынша қалалық әкімдікке қарасты бөлім басшылары қатысты. Қала әкімінің есепті жиынында қалалық мәслихат хатшысы М.Таңғатаров күн тәртібімен таныстырып, жиналысты ашып, жүргізіп отырды.

Дәстүрлі есеп беру барысында жергілікті халықтың қатысу, толғандырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндік көрсеткішінің азаюын болдырмау мақсатында қаладағы 10 білім ошағында карантин талаптарына сай, әр мектепте 30-ға жуық тұрғынның келуімен «ZOOM» жүйесі арқылы байланыс жасалып, тікелей эфирде тұрғындар сауалдарын қою мүмкіндігімен қамтамасыз етілді. Мектеп таңдау барысында қаланың барлық аудандары қамтылуы бас критерий бола тұра, жыл көлемінде қала тынысы жөнінде өтінім-ұсыныс беру белсенділігі жоғары аудандар назарға алынып, қала әкімінің қабылдауына жазылған тұрғындар кезекке сай шақырылды. Есеп беруге қатысқан және онлайн түрде хабарласқан тұрғындардың сауалдары әкімдік қызметкерлері тарапынан жазбаша түрде қабылданып, жергілікті «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» базасында тіркелді. Барлық тіркелген өтінім-ұсыныстар бойынша кері байланыс заң аясында және уақытылы орындалуы қадағаланып, жауап берілетін болды.

Сонымен қатар, қала әкімінің бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы «Ашық әкімдік» концепциясы аясында әкімдіктің «Халықтық кеңсесі» ашылып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бір жерден, бір терезе қағидаты бойынша алу жүйеленді. Яғни әкімдіктің бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен е-gov порталындағы барлық қызметтерді осы халықтық кеңседен алуға мүмкіндік бар. Бір жылдың аясында халықтық кеңсеге 70 мыңға жуық азамат түрлі қызмет алуға өтініштермен жүгінген екен. Бұған қоса, қала тұрғындарынан қала әкімінің және қала әкімдігінің әлеуметтік желілеріне көптеген шағым түсуіне байланысты, «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесіне заманауи бейне бақылау жүйесі орнатылғанын жеткізді. Бұдан бөлек, қала көлемінде атқарылып жатқан барлық салаларға жеке жеке тоқталған қала әкімі алдағы атқарылар жұмыс жоспарларымен де бөлісті.

Сонымен айта кетейік, қала басшысының есепті жиынынан соң онлайн байланыс арқылы тұрғындардың тікелей сауал қоюына және жергілікті «Тұран-Түркістан» телеарнасының тікелей эфирінде, сонымен бірге, әкімдіктің фейсбук, инстаграм әлеуметтік желідегі парақшаларында көрсетіліп, халықтың назарда болуы мен көкейіндегі сауалдарының қойылуына мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, есеп беру аясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері әкімге тікелей сауал қойып, тиісті жауаптары берілді.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы