САЛАЛАР ДАМУЫ-ҚАЛА БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

747 көрілім

Биылғы жыл еліміз үшін тіпті әлем халықтары үшінде оңай болған жоқ, олай болатыны ауыр індет көп дүниеге кері әсерін тигізді. Жаһандық деңгейде экономика, әлеуметтік салалардың тұрақсыздырығын тудырды десе де осыған қарамастан еліміз даму үрдісінен жаңылмады десек болады. Өйткені облыс орталығы болатын Түркістан қаласын гүлдендіру бір сәт тоқтаған емес.
Сөзіміздің дәлелі айқын болуы үшін қаламыздың Р.Аюповтың 2020 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік экономикалық даму туралы есебін айтуға болады. Мұнда осы жылы атқарылған көптеген саланың жұмыстары нақты сан цифрлар арқылы атап көрсетілген. Біз соның барлығына өткен жылы қараша айынан бері өз жұмысын бастап келе жатқан «Бірыңғай 109 байланыс орталығы» жайлы тоқталмақпыз.

Аталмыш орталық қаламызда орын алған оқиғалар болмаса басқада келеңсіз жайттардың алдын алу үшін таптырмас мүмкіндіктердің бірі ретінде қызмет атқарды. Заманауи техникалармен жабдықталған жауапкершілігі өте жоғары қарапайым халық үшін уақыт жағынанда тиімдірек болды. Атап айтар болсақ, мұнда кез келген қызмет көрсету орталығына байланысқа шығып жұмысыңызды дер кезінде бітіре аласыз. Көп әуре сарсанғада салынып кетпейсіз.
Осыған байланысты қала әкімі мен әкімдіктің тікелей парақшасына пікір, өтініш, шағым және басқада ұсыныстарды жазсаңыз тіркеп отырады. Әкімнің есебінде аталып өткен 2020 жылдың 20 қарашасынан бастап іске қосылған жүйеге қазіргі таңда 11970 өтініш түскен. Оның 86-сы қаралып жатыр, мерзімнің өтіп кеткен өтініш саны -12, 11872 өтініш уақытында қаралған. Өтінім категорияларының бес түрі қамтылған екен, атап айтар болсам: оқиға, консультация, ұсыныс, шағым және алғыс. Міне осының барлығы қала жұртшылығының уақытын босқа ысырап етпеуіне бағытталған.

Қорытып айтқанда осындай қызмет көрсету орталықтарымен бірге басқа салалар бойыншада нәтижелі жұмыстар атқарылған. Оның барлығы әкім есебінде анық көрсетілген. Біздің білетініміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып сүбелі жұмыстар атқару. Осының барлығы қаланың ертеңгі нұрлы болашағы үшін болмақ.

Жалғасбек САБИРОВ,
балалар мен жасөспірімдер орталығының үйірмесінің жетекшісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы