Бүгін жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының бірінші сессиясының салтанатты ашылуы болып өтті.
Атаулы шараға қала әкімі Р.Аюпов, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Арысбеков, сонымен қатар сайлауда топ жарған қалалық мәслихаттың жаңа депуттары қатысты.
Шара барысында жеті түрлі мәселе енгізіле отырып, қалалық мәслихаттың бірінші сессиясының күн тәртібі бекітілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18 бабына сәйкес, қалалық мәслихаттың бірінші сессиясының төрағасы болып депутат Тәжібек Мұсаев, аталған Заңның 19 бабына сәйкес қалалық мәслихаттың хатшысы болып Мақсат Таңғатаров, мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып Ғаппар Сәрсенбаевтар депуттаттардың қалыссыз дауыс беруі нәтижесі аясында сайланды.
Сонымен бірге қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және төрағасын сайлау 4 бағыт бойынша жүзеге асты. Нақтылап айтар болсақ, бірінші бағытта бюджет, экономикалық және әлеуметтік даму, нарықтық қатынастарды жүзеге асыру мәселелері жөнінде комиссияның құрамына депутаттар Тәжібек Мұсаев, Сәкен Ханділлаев, Угилжан Васитова, Дәурен Тәңірбергеновтер енгізіліп, төрағасы болып Тәжібек Мұсаев сайланды. Екінші бағытта әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамына депутаттар Сүлеймен Арыстанов, Ғани Меңдібаев, Дарын Жаппарқұл, Ардақ Мансуров енгізіліп, төрағасы болып Сүлеймен Арыстанов бекітілді. Үшінші бағытта әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, жастар ісі, туризм-спорт, тарихи мұраларды қорғау жөніндегі комиссия құрамына депутаттар Ғаппар Сәрсенбаев, Рая Ибадуллаева, Нұрсұлтан Жүсіпбаев, Ғалымжан Худияров енгізіліп, төрағасы болып Ғаппар Сәрсенбаев таңдалды. Төртінші бағытта табиғат қорғау мен экологиялық мәселелер жөніндегі комиссияның құрамына депутаттар Жәмила Сүлейменова, Айгул, Тілепова, Жансерік Жұман енгізіліп, төрағасына Жәмила Сүлейменова лайық деп табылды.

Жиын кезінде қала әкімі Рашид Абатұлы сөз сөйледі. Жаңа депутаттармен атқаратын жұмыстардың өте көп екенін айта келіп, үлкен істердің үдесінен шығу жолында өнімді еңбек ететіндеріне сенім білдірді және барша депутаттарға сәт-сапар тіледі.
Еске сала кетейік, күні кеше «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен Саяси кеңесі бюросының отырысында 15 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін аумақтық сайлау комиссиясына жолданған болатын. Нәтижесінде қалалық мәслихаттың депутаты болып бастауыш партиядан 15 кандидат, «Ақ жол» партиясынан 1 кандидат сайланып отыр. Осылайша мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 60%-ға жаңарды. Орташа жасы – 41.
Қорыта келгенде, шаһардың тіпті де таңғажайып жетістіктерге жетуі жолында, қала тұрғындарының жақсы тұрмысқа жақындай беруі жолында тер төкпекке белді бекем буған қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутаттар тізімі төмендегідей болды.
«Nur Otan» партиясы:
- Ханділлаев Сәкен Мырзанұлы
- Жаппарқұл Дарын Көлбайұлы
- Таңғатаров Мақсат Әсілбекұлы
- Тәңірбергенов Дәурен Рахымұлы
- Мұсаев Тәжібек Калманұлы
- Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы
- Тілепова Айгүл Өтегенқызы
- Жүсіпбаев Нұрсұлтан Үмбетұлы
- Мендібаев Ғани Мақсұтұлы
- Васитова Угилжан Сабиржанқызы
- Сүлейменова Жәмила Төреханқызы
- Арыстанов Сүлеймен Тұрсынбайұлы
- Худияров Галымжан Батырханұлы
- Жұман Жансерік Бауыржанұлы
- Ибадуллаева Рая Серикбайқызы
«Ақ жол» партиясы: - Мансуров Ардақ
Үмітбек БАҒДАТ.