Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірге айналған «Nur Otan» партиясының азаматтық қоғамда орны бөлек. Алдағы күндерде мақсат айқын, жауапкершілік зор. Еліміздің қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғарғы халықаралық беделге ие болуында «Nur Otan-ның» алар орны ерекше екендігіне дау жоқ. Ұдайы халықтың ортасынан табылып, сенімін ақтауға тырысқан «Nur Otan» нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білді. Елімізді әлемнің ең қуатты 30 елінің қатарына қосу – партияның болашаққа бағыт сілтейтін темірқазығы.
Күні бүгін өңірімізде партияның 32 мыңнан астам мүшесінің басын біріктірген 136 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасап келеді. Нақты істер партиясы принципі бойынша олардың жұмыстарының тиімділігі артып, сайлауалды тұғырнама атқарушы билік жұмысының негізгі критерийлерінің біріне айналды. Облыстағы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде бөлінген инвестициялар өңір экономикасының дамуына жаңа серпін беруде.
“Nur Otan” партиясының мүшелері қалалық маслихат депутатығына үміктер азаматтар Түркістан қалалық жылу басқармасының жұмыс барысымен танысты. Халықтын көкейінде жүрген сұрақтардың жауабы мен шешімдерін табуға сеп болатынын жеткізді.
Ең бірінші кезекте мекеме қызметкерлерінің тыныс-тіршілігін бақылап атқарылып жатқан жұмыс жобасымен алдағы жылдықта жоспарланған жобалармен де танысып шықты. Халықтың игілігін місе тұтуды көздеген атқамінерлер тұрғындардың бұйымтайын ескемей қалдырмады.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
