ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

748 көрілім

«Nur Otan» партиясының өткен тарихына назар салатын болсақ, ең алдымен тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығындағы демократиялық үдерістер еске түседі. Сол жылдары елімізде көптеген салаларда реформалау жүріп жатты, саяси  партиялар мен үкіметтік  емес ұйымдар құрылып, жұмыс істей бастады. Ал егемендікке қол жеткізгеніне онша көп уақыт өтпеген елімізге халық мүддесіне  қызмет ететін, күш алып келе жатқан реформаларға қолдау  білдіретін саяси ұйым қажет еді.  Бұл мәселені  өзгелерден гөрі ертерек әрі тереңнен ойлаған адам Президентіміздің  өзі болды. 1999 жылдың қаңтарында  Қазақстан Республикасының президенттігіне  кандидаттыққа ұсынылған Н.Ә.Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелерінің жиыны өткенінен көпшілік хабардар деп ойлаймын.  Осы жиында  қоғамдық штабтың сайлауалды  қозғалысын  саяси партияға айналдыру жөнінде жақсы идея айтылды.  Елбасы бұл бастамаға қолдау білдіре келіп, партияны «Отан» деп атауды ұсынды. Ал партияның бірінші съезі сол жылдың 1 наурызында өткен еді.  Бұл күн нұротандықтар үшін  ғана емес, бүкіл қазақстандықтар үшін де тарихи күн, тарихи оқиға болып табылады. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші съезде сөйлеген сөзі  сол жылдар үшін саяси партияның қызметінде  бағдарламалық құжат болды.

Бүгін “Nur Otan” партиясы бекіткен кестесіне сәйкес, мәслихат депутаттығына үміткерлер Мәди Аманжол, Ақиқат Абдуллаев және Сәкен Ханділлаев сайлау алды бағдарламасын насихаттау аясында “НУР-СТРОЙ” ЖШС мамандарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында партияның атқарып жатқан жұмыстары бойынша кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, үміткерлер алдағы уақытта іске асырар қызметтері бойынша сайлау алды бағдарламадағы ең басты мәселелерге тоқталып өтті.

#ХалықтықПартия
#NurOtan\

«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы