Бүгінде облыс экономикасының қай саласында болмасын ілгерілеу бар. Оң өзгерістер медицина саласында, кәсіпкерлікті қолдау индустриялық-инновациялық даму бағытында да іске асырылып келеді. Реформалар мен мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асуының нәтижесінде бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік қауымдастыққа танымал, айтар сөзі, айшықты ойы, қосар үні бар, орныққан мемлекетке айналды. Осы жетістіктерге жетуге, біріншіден, қазақстандықтардың саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді, бірлікті, бейбітшілікті таңдауы себеп болды. Бұл – отандастарымыздың болашағымыздың жарқын болуына қосқан үлестерінің оң нәтижелері.
“Nur Otan” партиясы бекіткен кестесіне сәйкес, бүгін Түркістан қалалық мәслихат үмiткерлері Дарын Жаппарқұлов, Нұрсұлтан Жүсіппаев, Худияров Ғалымжан “GRAND MIKS” жиhаз шеберханасының ұжымына сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жасады.
Үміткерлер шеберхананың жұмыс сапасына жоғары баға беріп, алдағы уақытта ел игілігіне жарайтын нысан болатынына сенім білдірді.
Шеберхана мамандары үгіт- насихат жұмыстарының ел ертеңіне үлес қосар бірегей бастама екенін айтып, ел партиясына ризашылдықтарын білдірді.
Алдағы сайлауға белсене атсалысатындарын айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
