Nur Otan партиясы Түркістан қалалық филиалының үгіт-насихаттық тобы аясында таеквондо бөлімінің жаттықтырушысы «халықаралық дәрежедегі спорт шебері», жоғары санатты жаттықтырушы, Түркістан облысының ересектер құрамасының аға жатттықтырушысы Ринат Құралбаевпен кездесті.
Ринат Әбдірахманұлы еңбек жолын 2010 жылы Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бастады. Аз уақыт өтседе өзінің білікті маман екендігін көрсете білген. Еңбек жолында жиырма бес «қазақстан республикасының спорт шебері», жетпіске тарта Қазақстан республикасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жәнеде халықаралық ареналарда топ жарып жүрген қаншама дерлік спортшыларымызды машықтандырып жүр. Сонымен қатар ерекше айта кететін шәкірті Мырзабаев Нұрлан. Ол спортты 24 жасында бастап, төрт жылда бір жалауын көтеретін Азия ойындарының қола жүлдегері, ерлер арасында қазақстанның үш дүркін жеңімпазы, әлем чемпионатында бесінші орынға тұрақтап айды аспаннан бірақ шығарды. Жәнеде «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атанды. Сондайақ қәзіргі таңда Токиода өтетін олимпиада ойындарына үміткер спортшыларымыздың бірі. Ауылда тұншығып жатқан талантты тауып оның жарқын болашағына жол ашқан ұстаз.
Өмір қиыншылығы мен қоса қуанышқа толы болған ер мінезді ағамыз бүгінде үлкен бір өніп-өскен әулеттің бірі. Көп мұсылманның арманы – қажылық парызын өтеп келген. Бүгінде ағамыз төрт қыз тәрбиелеп өсіріп отыр.
Атаулы кездесуде «Nur Otan» партияның атынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Дәурен Тәңірбергенов партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, жүйрік спортшымызға қашанда қолдауға дайын екенін жеткізді.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
