«Nur Otan» партиясы рухани астананы дамытуда белсенді рөл атқарады. Бұл туралы партияның атынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Тәжібек Мұсев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Туризм – бұл COVID-19 пандемиясының таралу салдарынан облыс экономикасының ең көп зардап шеккен саласы. Дегенмен пандемияға байланысты басқа елдермен шекаралардың жабылуы ішкі туризмнің дамуына мүмкіндік берді.
Облыста 1663 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан. Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб, Домалақ Ана кесенелері, сондай-ақ ежелгі «Отырар», «Сауран» тарихи орындары және «Ақсу-Жабағылы», «Сайрам-су», «Угам», «Бүргілік», «Қырыққыз» табиғи туристік объектілері бар. Сондай-ақ аймақта ерекше табиғи нысандар (Бәйдібек ауданындағы Ақ мешіт үңгірі, Түлкібас ауданындағы жылап жатқан үңгір, Төлеби ауданындағы Бүргілік шатқалы және т.б.) және тарихи орындар (Қазығұрт ауданындағы Кеме Қалған ескерткіші, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек пен Домалақ ана кесенелері, Қарашаш ана және Ибрахим ата кесенелері т.б.) бар.
Кіру туризмі 34 % артады деп күтілуде. 2025 жылға қарай тарихи орындарға келушілер санын жылына 2 млн.-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Ол үшін «Nur Otan» партиясы:
➢ «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтарында, «Сайрам-Өгем» МҰТП-де экологиялық туризмді дамытуға (инфрақұрылымды дамыту, эко камптар орналастыру);
➢ Шардара су қоймасы аумағында жағажай туризмін дамыту үшін жаңа кәсіпкерлік нысандар мен іскерлік-қоғамдық ғимараттарының құрылысы;
➢ Сарыағаш ауданында емдеу-сауықтыру туризмін дамытуға, жаңа шипажайлар мен жаңа жұмыс орындарын іске қосуға;
➢ Төлеби ауданында тау шаңғысы туризмін дамыту үшін «Қасқасу» тау шаңғысы кешенінің инфрақұрылымының құрылысы;
➢ Туристік брендті дамыту және аймақтың туристік өнімдерін жылжытуға;
➢ Түркістан қаласында әуежайдың ашылуы және оның дамуына, ұшу картасының кеңеюіне;
➢ «Базис-А», «BI Group» бизнес орталықтарын салуға;
➢ «Rixos Turkistan» және «Hampton by Hilton» қонақ үй кешендерінің құрылысына;
➢ Әкімшілік ғимараттарының, сондай-ақ көп қабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысына ықпал етеді.
Нәтижесінде өңірімізге келушілер саны 1,5 есеге, орналастыру орындарының саны 15 %-ға, қызмет көрсету көлемі 35 %-ға артады!
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
