Түркістанда заң саласына өлшеусіз еңбек етіп, ел тыныштығын күзету үшін күш-жігерін аямаған Нақыпов Балғабай Исақұлұлы деген азаматты білмейтін адам аз. «Nur Otan» партиясы атынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Тәжібек Мұсев канвассинг кездесуінде ол кісімен қаладағы түрлі мәселелерді талқылады.
Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген жеті басымдықтың бірі “Қауіпсіз қала” бағыты жайлы да сөз болды. .
Бұдан шығатын қорытынды Түркістан қаласы барлық тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінетін аймаққа айналуы қажет. Соңғы үш жылда қалада қылмыс деңгейі төмендегені байқалады. Бейнебақылау жүйесін дамыту, қала көшелерін жарықтандыру, қылмыспен тиімді күрес, жұмыссыздықты төмендетуге жәрдемдесу арқылы адамдар өздерін одан әрі қауіпсіз сезінетін қала болуы тиіс.
«Қауіпсіз қала» жобасының алғашқы қадамы ретінде қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 200 бейнекамералар орнатылды. Партияның міндеті – қаланы тұру үшін жайлы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз ету”,- деп көрсетілген бағдарламада.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
