ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

654 көрілім

«Nur Otan» – еліміздің жетекші партиясы бүгінде халықтық, партия сипатына ие болған өткен тарихына көз жүгіртіп, жеткен жетістіктері мен Қазақстан халқының игілігі үшін атқарған еңбектеріне есеп беріп, саяси жүйедегі рөлін және алдағы жылдарға мақсаттарын айқындап, міндеттерін саралауда. «Nur Otan» партиясының тарихын сараптасақ, партия үнемі өзінің сайлауалды бағдарламаларында қойылған міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салып, сол бағытта қоғамды жұмылдыруға ұмтылып отырды. Партия бағдарламасы мемлекеттік саясатпен, мемлекеттік маңызды стратегиялық құжаттармен, қоғамдағы өзекті мәселелермен үндес болып келді.

Бүгінде «Nur Otan» партиясы құрамында қоғамның әртүрлі топтарынан құралған мүшелері бар. Жаңаша бағытта, заманауи стильде халыққа қызмет ететін, ел азаматтарын ортақ міндеттерді шешуге жұмылдыра алатын әлеуеті бар ең ірі партия, шынайы саяси күш. Партияның атқарып отырған қызметінің ауқымы кең, себебі ол «Nur Otan»-ның доминантты партия болуымен байланысты.  

«Nur Otan» партиясы бекіткен кестесіне сәйкес, бүгін Түркістан қалалық мәслихатына үмiткер Арыстанов Сүлеймен Тұрсынбайұлы қаладағы Нысанбаев көшесi тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – қазіргі таңда даму қарқыны күрделі жүріп жатқан қалаға қандай да үлес қосу мақсатында болды.

Үмiткер Арыстанов Тұрсынбайұлы әр тұрғынның үйіне жеке-жеке кіріп, ойларын тыңдады. Тұрғындар қала дамуының жақсы әрі жылдам дамып жатқанын айта кетті. Жалпы, қаламыз облыс орталығына айналғалы бері мол мүмкіндіктер пайда болғанын да назардан тыс қалдырмады.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы