«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Отырар» ықшамауданының тұрғындарымен кездесу өтті. Аталған ықшамаудан тұрғындары халық қалаулысына базынасын айтты. Оның ішінде инфрақұрылым мәселесі сөз болды. Су, жол мәселелерінің оңды шешім табуына қала әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының мүшелері атсалысатындығына сенім білдірді.
Мәслихат депутаты Сүлейменова Жамиля Төреханқызы партиялық сайлауда еліміздегі жетекші партия тарапынан жасалып жатқан іс-шараларды атап өтті. Сондай-ақ, партиялық сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Одан өзге, Жамиля Төреханқызы өз сөзінде: «Қазір туризм саласы және қаламыздың тәртібі, яғни қауіпсіз қала жобасы ерекше жандануда. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар жайында айтатын болсақ, өздеріңізге мәлім «Nur Otan» партиясының Түркістан қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Рашид Аюпов есеп беруін тікелей эфир арқылы барынша ашық форматта өткізеді. Осылайша, қаламыздың көркеюіне барынша бәріміз біріге атсалысуымыз қажет», – деген ойын білдірді.
Жалпы, елімізде орын алған қиын жағдай, нақтырақ айтатын болсақ, індет кезінде «Nur Otan» халықтық партиясы тарапынан 50 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілген болатын. Және жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік жағынан жәрдем болған.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
