ТЫНЫШТЫҚҰЛОВ КӨШЕСІНІҢ ЕКІ ЖАҚ БЕТІ КӨГАЛДАНДЫРЫЛАДЫ

1  031 көрілім

Түркістан қаласындағы Тыныштықұлов көшесінің бойына көгал егіледі. Бұл тапсырманы Рашид Абатұлы бүгін қаланы аралау барысында жауапты бөлімге тапсырды. Сондай-ақ, Б.Майлин көшесіне суғару жүйесін жүргізіп, теректер егу қажеттігін және Жангелдин көшесіндегі қоқысқа толған аумақтарды тазалауды “Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің” басшысы Нұрлан Бектұрсыновқа тапсырды.
Шаһардың шеткі аумақтарын бақылаған Рашид Абатұлы газдандыру мақсатында құбырлар жүргізілген жерлерді топырақ үйіндісінен ретке келтіру бойынша мердігер мекемелерге ескертуді тапсырды. Сондай-ақ, газдандыру кезінде техникалық ахау пайда болған “Ортақ” аумағындағы блокты газ реттеу пункті-2-де (ПГБ-2) болып, жұмыс барысын көрді. “Отау-Строй” компаниясының өкілдері екі күн ішінде ахаулар жойылып, газ берілетіндігіне уәде етті.
Одан өзге, “Отырар” ықшам ауданындағы жылыту қазандығы мен 9 қабатты үйлер аумағын да аралап, мұнда көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, жарықшамдар орнатуды тапсырды. Сондай-ақ, Яссы мөлтек ауданындағы арықшалар жүргізіліп жатқан көшелерді бақылап, жұмыстың бәсеңдігін қатаң сынға алды. Мұнда жалпы 80-ге жуық көшеде арықшалар қойылып, су берілуі жоспарланған.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы