31 желтоқсан – Жаңа жыл мерекесі күнінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сауда орындары мен базарларда және көше бойларында пиротехникалық заттарды сату бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Сондай-ақ, өрт қауіпсіздік жағдайына қатаң бақылау жасалып, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша хабарламалар жолдануда. Осы мақсатта, 9465 тұрғын үй араланып, арнайы дайындалған жадынамалар және түсіндіру жұмыстарымен қамтылды.
Жаңа жыл және мереке күндерінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, адам шығынына жол бермеу мақсатында рейдтік және басқа да профилактикалық жұмыстар қарқынды түрде атқарылатын болады. Жалпы, Түркістан қаласы бойынша 2018-2019 жылдары Жаңа жыл мерекесін мерекелеу кезінде пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде жазатайым оқиғалар тіркелмеген. Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы 2020 жылдың 31 желтоқсан сағат 09:00-ден 2021 жылдың 5 қаңтар сағат 09:00-ге дейiн күшейтілген қызмет өткеру тәсілімен жұмыс істейді. Атап айтсақ, Түркістан қаласы гарнизонының 70 жеке құрамы мен 11 бірлік техникасы жауынгерлік кезекшілікте болады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
664 көрілім
