ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ – АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ

812 көрілім

«Nur Otan» партиясы атынан Шардара аудандық мәслихатына үміткерлер бүгін ауданымызда жүзеге асып жатқан денсаулық сақтау саласындағы жұмыстармен танысты. Осы орайда үміткерлер ауылдық округтерде кездесулер өткізді.
Жиындар барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы кеңінен тарата айтты. Сонымен бірге оларды сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
– Ауданда бейімді мамандардың тапшылығы байқалады, ауруларды ерте диагностикалау және азаматтарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету проблемалары бар.
«Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдайды. Ауданда адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату, ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ қатерлі ісіктерді уақтылы анықтау жұмыстарына ықпал етеді,-дейді
«Nur Otan»-дықтар.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы