Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауданның одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. Бұл мәселе «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында кең көрініс тапқан.
Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ. Кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде оның сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін:
-12 мектептің күрделі жөндеу мәселесін шешуге;
-4 мектепті кезең-кезеңмен робототехника, жаңа модификациялы кабинеттермен жабықтауға;
-жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар құрамы үлесін 96,2 %-дан 100%-ға жеткізуге;
-аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсетуге;
-мектептер қашықтан білім беру жүйесімен жұмыс істейтіндіктен қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 2676 дана, яғни 100% компьютерлік техника және интернет желісімен қамтамасыз етуге;
-білім саласында қашықтықтан білім беруді дамыту үшін кең жолақты интернет желісінің мүмкіндіктерін толық пайдалануға;
-балалардың демалыс кезеңін қолайлы әрі пайдалы өткізу мақсатында Шардара ауданы бойынша жыл сайын 1 маусымда 6531 баланы қамтитын лагерьлер мен саноториялар ұйымдастыруға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасы нығайып, ҰБТ-да 100 және одан көп балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 10%-ға артады.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.
