«Nur Otan» партиясы атынан Шардара аудандық мәслихатына үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау жұмысын жандандырып келеді. Осы мақсатта аудан тұрғындарымен түрлі форматта кездесулер өткізілуде. Сондай кездесулер барысында ауданымыздағы құрылыс саласының даму мәселесі кеңінен әңгіме болды.
–«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.
Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, табиғи газға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.
Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімді болуын қолдайды. Ауданда 1249 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Шардара қаласында 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
2025 жылы бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін 23-тен 28 шаршы метрге жеткіземіз.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде:
–2021 жылы Шардара қаласында 40 пәтерлік 6 тұрғын үй (14,0 мың ш.м.) құрылысына;
–2022 жылы Шардара қаласы 4 мөлтекауданында 6 тұрғын үй (14,0 мың ш.м.) құрылысына;
–2023 жылы Шардара қаласы 4 мөлтекауданында 8 тұрғын үй (19,4 мың ш.м.) құрылысына;
–2021-2025 жылдар аралығында жеке тұрғындар қаржысы есебінен Шардара ауданының шығыс және батыс аймағында 80 га егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша 382 учаскесінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге;
–«Ауыл Ел бесігі», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында Шардара қаласы мен 10 ауылдық округтердің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында көркейту және абаттандыру жұмыстарын жыл сайын жүргізуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылы қолжетімді тұрғын үймен 1 182 отбасы қамтамасыз етіледі,-дейді партия белсенділері.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлауалды штабының қорынан төленді.
