САЙЛАУАЛДЫ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

1  008 көрілім

Түркістан облысы мәслихат депутаттығына үміткер Инара Намазбаева аудан тұрғындарымен жүздесті. “Nur Otan” партиясының бағдарламасында әртүрлі салаға басымдық берілген. Соның ішінде әлеуметтік мәселелердің шешімі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қатысты бағыттар да қарастырылған. Осы ретте жергілікті жұртшылықтың талап-тілегін тыңдауға Отырар мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесу өткізілді.
⠀ Сайлаушылардың ұсыныстарын тыңдау мақсатында тұрғындармен бетпе-бет жүздесіп, көкейлерінде жүрген шешімі күрмеулі мәселелер шешілді. Бұл аймақтың халқын алаңдатқан тақырыптардың дені тұрғын-үй жайы екен. Айналасындағы балалар алаңшалары мен жылу мәселелері. ⠀
Осы секілді әлеуметтік тақырыптарда ойларын ортаға салып, сұрақтарын жолдаған отырарлықтардың базынасын билікке жеткізуді меже тұтып, тиісті жұмыстар атқарылады деген сенімдеміз.
Кездесу барысында тұрғындарға саяси құжатта қамтылған өзекті тақырыптарды әңгімеге арқау етіп, халықтың пікірі мен ойлары ортаға салынды. Аталған мөлтек аудан тұрғындары бағдарламаны қолдап, партиямен бірге екендіктерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы