ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚОҒАМДАСТЫҒЫ ПАРТИЯМЕН БІРГЕ!!

591 көрілім

“Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау барысында, Түркістан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара ханым бастаған облыстық іскер әйелдерді,”Nur Otan” партиясының Түркістан облыстық филлиалының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев кездесу өткізді. Кездесуде, бағдарламадағы партияның жеті басым бағыты мен мемлекетіміздің экономикасын, әл-ауқатын арттырудағы келелі мәселелер түйткілдерін шешу жолында туындаған басты бағыттарын таныстырды.Жаңа облыс болып, бүгінгі таңдағы күннен-күнге дамып келе жатқан қарқынды жұмыстарда партияның еңбегі орасан зор екенін атап өтті. Атқарушы, өкілетті, сот орындарының және квазимемлекеттік секторлардың басшылық құрамында 30% -ы әйелдер болатынын айтып, осы тұста облыс көлеміндегі мәслихаттыққа үміткер әйел азаматтарына ел сенімінен шыға білуге шақырды. 2021 жылдың 10 қаңтарында дауыс беріп, өз таңдауларын жасауға шақырды. Облысқа танымал кәсіпкер әйел,іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева ханым бастаған облыс көлеміндегі іскер ханымдар сөз алды. Жиын барысында партияға жеңіс тілеп, Инара Әбдіғаппарқызы ел экономикасын арттырудағы саяси күші мен әр қиын сәттерде халықтың жанынан табыла білген ең жанашыр партия екенін жеткізе білді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы