Рашид Абатұлы жауапты бөлім басшыларымен бірге Әкімшілік-іскерлік орталықта салынып жатқан тұрғын үйлерді аралады.
Мұнда құрылысы жүріп жатқан 7 қабатты үйлердің жалпы саны – 24. Ондағы біршама үйдің жертөлесінде арнайы автотұрақ болады. Сонымен қатар, Рашид Абатұлы ондағы үйлердің шатырына салынатын балалар ойын алаңшасын сапалы құралдармен жасауды тапсырды. Заң аясында мемлекеттік сараптамадан өткен жобадағы алаңшаның сапасы ондағы әр азаматтың денсаулығы үшін аса маңызды екенін ескертіп өтті.

Сондай-ақ, тұрғын үй нысандарындағы қауіпсіздікке жауапкершілікті тек мердігерлер мен құрылысшылар ғана емес, оны болашақта қабылдап алатын “Құрылыс бөлімінің” де жауапты болатынын айтып, ертеңгі күнде халық алдында да, заң алдында да жауапты болатындықтарын баса айтты. Айта кетсек, аталған алаңшаларды көпқабатты үй шатырында салу жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, мақұлданған болатын.
Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының уақытылы орындалуы үшін жұмысшы санын арттырып, межеге сай атқару қажеттігін айтты. Мұнда алдағы уақытта қоныс жасайтын азаматтарға қолайсыздықтар туындамас үшін, талаптардың сақталуы қатаң қадағаланатын болады.
Жалпы, қазіргі уақытта салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің біршамасының газ қазандықтарын орнату және ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары атқарылып жатыр.
