Мектеп оқушылары арасында спортты дамытып, салауатты өмір салтын ұстануға дәріптеу мақсатында Түркістан қаласы әкімінің кубогы өтті.
Шара “Адами капиталды дамыту бөліміне” қарасты А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебінде “Толағай” отбасылық сайысы, тоғызқұмалақ, шахмат, кіші футбол мен үстел теннисі сынды ойын түрлерінен ұйымдастырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша: “Толағай отбасылық сайысында” Жантаевтар отбасы үздік атанса, тоғызқұмалақтан I орынды Қоқыш Бекжігіт, шахматтан I орынды Асылхан Асия алды. Ал, қалған кіші футбол мен үстел теннисі жарыстарында М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының құрамасы және оқушысы Бакаев Фахриддин жеңіске жетті.
Кубок соңында шаһар басшысы жарысқа қатысушыларды марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыстады. Сонымен қоса, Рашид Абатұлы сайыстың ең кіші қатысушысына ел ертеңіне еңбек етер тұлға болсын деген мақсатты өз галустыгын тақты.
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
