ТҮРКІСТАН: «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ – ӘЛ-ФАРАБИ» ОНЛАЙН ЭССЕ БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

1  560 көрілім

  Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Рухани жаңғыру» кеңсесі ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында облыстық «Ұлы даланың ұлы тұлғасы – әл-Фараби» атты онлайн эссе байқауын өткізді. 
    Байқаудың негізгі мақсаты – «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын облыстық деңгейде өткізу. Сондай-ақ, әйгілі ойшыл әл-Фарабидің ғұмыры мен ғылымын кеңінен насихаттау, үздік эссе жазушыларды анықтау, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру. 
   Желтоқсан айының 3-не басталып 14-желтоқсанда аяқталған байқауға облыс көлемінде 16-50 жас аралығындағы 113 үміткер қатысты. Байқаудың шарттарына сәйкес, қатысушылар өз әлеуметтік желі парақшасында  #әлфарабиэссебайқауруханижаңғыру  хештегімен пост салып, эссе жұмыстарын электронды поштаға жолдады.     

  Байқау қорытындысының нәтижесінде жүлделі 3-орынды Түркістан қаласынан қатысқан Супабекова Рано Алиқызы, Бәйдібек ауданынан Төленова Маржан Болатқызы мен Болатбекұлы Мағжан еншіледі. Ал 2-орынды Қазығұрт ауданынан қатысқан Құлмашева Эльвира, мақтааралдық Әбілдахан Әбубәкірова мен Сауле Нұрбергенқызы алса, жүлделі 1-орынды Кентау қаласынан қатысқан Қарамендеева Мәдина Бағдатқызы иеленді.       

  Барлық жеңімпаздарға Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының арнайы дипломы мен жүлделері табысталды.

Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы