Түркістан қаласында жалпы саны 111 мектепке дейінгі ұйымда 14536 бала тәрбиеленуде. Олардың 78,3 пайызы жекеменшік балабақша болып табылады. Қазіргі таңда, 64 балабақшада 279 кезекші топ ашылып, онда 3487 мыңнан астам бала тәрбие алып жатыр.
Ал, 39 орта білім беретін мектепте 46 693 оқушы оқыса, оның 13 477-і қашықтан білім алуда.
Қашықтан оқыту кезінде үнемделген қаржының есебінен мектептерге 566 компьютер, 4 285 ноутбук және 2 675 дана планшет сатып алынып, қолданысқа берілді.
Сонымен қатар, бала санынының өсуіне байланысты, бөлім жоспарында қаладағы мектептер санын көбейту қарастырылып, кейбірінің құрылысы басталып та кеткен. Сондай мақсатты құрылыс нысанының бірі Отырар ықшамауданындағы 900 орындық мектеп. Мектептің құрылыс жұмыстары 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталып, сол жылы нысанды пайдалануға беру жоспарланған.
Сондай-ақ, биыл қалада бірқатар жаңа электронды жүйелер жемісті нәтижелер беруде.
Атап айтқанда: білім беру мекемелерінде педагогтар мен техникалық персоналдарды жұмысқа қабылдау https://temir.turkestan.e-orda.kz жүйесі арқылы жүргізілуде. Жүйеге осы жылы 202 қолданушы тіркелген, 84 бос жұмыс орны жарияланып, 36 педагог және 15 техникалық персонал жұмысқа орналасты. Балабақшаға кезекке тұру және жолдама беру https://indigo.turkestan.e-orda.kz порталы арқылы 100 пайыз автоматтандырылды.
