ҚАЛАМЫЗДЫҢ МЕРЕЙІН ТАСЫТҚАН МАРАПАТ

1  176 көрілім

Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласында Қазақ Спорт және туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен «Жыл үздігі – 2020» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен «Ұлт батырлары» кітабының тұсаукесері болып өтті. Спорттағы жыл үздіктерінің мерейін үстем ететін шара қатарынан 4 жыл бойы ұйымдастырылып келеді.

Салтанатты шарада ҚазСТА-ның бірінші проректоры Мұхтар Есқалиев, есімі елге белгілі қаламгер Пернебай Дүйсенбин мен «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы Мұсағали Тасқалиевтер республика көлемінде ұйымдастырылып отырған шараның шымылдығын түріп, қазақ спортының дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген спортшылар мен бапкерлерге алғысын білдірді. Айтулы шара «Ұлт батырлары» кітабының тұсаукесер рәсімімен жалғасын тапты.

Бұдан соң құрметті қонақтардың қатысуымен пандемия кезі болса да қазақ спортының дамуына үлестерін қосқан ел ағалары мен спорт саласының басшылары, спорт жанашырлары және спортшылар мен бапкерлер, дене шынықтыру пәні мұғалімдерін марапаттау рәсімі болды. Марапатқа ие болғандар арасында Түркістан қалалық спортты дамыту бөлімінің басшысы Қуатбек Айдарбеков «Үздік қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі-2020» марапатына ие болғаны барша түркістандықтардың мерейін тасытты.

Осы орайда Халықаралық дәрежедегі төреші, қала спортының дамуына айрықша үлес қосып жүрген білікті басшыны марапатымен құттықтай отырып, облыс орталығы Түркістан қаласы спортының бұдан да биік белестерден көрінуіне тілек білдіреміз.

Райымжан ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы