БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

1  240 көрілім

Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен “Ақжелкен” санаторлық балабақшасында «Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігі» тақырыбында онлайн форматта қалалық оқыту семинары өтті. Семинарға қатысқан әдістемелік кабинет әдіскері Гүлбану Ұзақ семинардың негізгі мақсаттарымен және бағдарламасымен таныстырып, ұстаздарға сәттілік тіледі.Балабақша педагогтарының мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық дамытушы орта құруға негіз болатын теориялық білімдерін тиянақтауды мақсат еткен семинардың негізгі бөлімінде мектепалды даярлық «Ботақан» тобында логопедтің өткізуімен түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Қошақан» тобында «Шығармашылық» білім саласының сурет бөлімі бойынша «Алтын күз» тақырыбында, «Тұлпар» тобында «Таным» білім саласының қарапайым математикалық ұғымдары бойынша «10» саны және тура, кері санау» тақырыбында, «Құлпынай» тобында «Денсаулық» білім саласының дене шынықтыру бөлімі бойынша «Доға астымен еңбектеп өту. Гимнастикалық орындық үстімен тепе теңдікті сақтап жүру» тақырыбында, «Күншуақ» тобында «Қатынас» білім саласының орыс тілі бөлімі бойынша «Овощи и фрукты» тақырыбында, «Құлпынай» тобында «Қатынас» білім саласының көркем әдебиет бөлімі бойынша, «Балапан» тобында «Шығармашылық» білім саласының жапсыру бөлімі бойынша, «Қарлығаш» тобында «Шығармашылық» білім саласының мүсіндеу бөлімі бойынша «Саңырауқұлақтар» тақырыбында үлгілі оқу қызметтері ұйымдастырылды.
Барлық ұйымдастырылған оқу қызметінде көрнекіліктер эстетикалық талапқа сай қолданылды. Оқу қызметінде түрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар, мектепалды даярлық тобында оқу қызметі интербелсенді тақтамен жүрзілді.Семинар соңында Гүлбану Жамалханқызы мен қатысушы тәрбиешілер әріптестерінің озат тәжірибелерінен үлгі алуға болатындығын айтып, шынайы ризашылықтарын білдірді.

Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы