ЕЛ ЕРТЕҢІ – БІЛІМДІ ЖАСТАР

2  985 көрілім

Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әр азамат терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» – деген сөзі бар. Қазіргі таңда білім аламын, оқимын деген жастарға түрлі бағдарламалар жолға қойылған. Кез келген жастың орта арнаулы оқу орындарында, жоғарғы оқу орындарында тіпті шетелде оқуына мүмкіндіктер жасалған.

Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде еңбек етуі шарт. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінгі таңда да жас буындар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне үлес қосып келеді. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер» – деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар легі уақыттың кез – келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, заманауи технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алатыны анық.

Бүгінде елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлініп келеді. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Халқымыздың 30%-ын жастар құрайды. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жас жеткіншектеріміздің бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасағанымыз дұрыс. Ең әуелі жастар бойында рухани – адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар – жердің, елдің жалғасы, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.

Сұлтанбай ӘШІРБАЙ,
қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы