ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

1  333 көрілім

Түркістан қалалық әкімдігінде «1 – Желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай салтанатты шара болып өтті. Жиынға Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлері кеңесінің мүшесі Жақсыбек Бейсенов пен облыстық ақсақалдар алқасының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Айтулы іс шараның шымылдығы ҚР Әнұранымен түріліп, одан соң қала әкімі Рашид Абатұлына сөз берілді.

«Қазақта халқымызда небір хандар да, билер де, даналар да, батырлар да болған. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тарихында айырықша орын алды. Бүгінгі айтулы мереке егемендігімізді, тәуелсіздігімізді еске алатын саяси маңызды күн. Осы мереке халқымыздың Елбасына деген ерекше  ықыласының, шексіз ризашылығының, зор құрметітінің айғағы. Бұл – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш ел басы мейрамы құтты болсын» – деп сөзін аяқтады қала басшысы.

Сонымен қатар, шаһар басшысы Рашид Аюпов пен қалалық маслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев орны бөлек мерекеге орай облыстық ақсақалдар мүшелерін марапаттады.
Жиын соңында Тұңғыш ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөзіне жазылған, Бекболат Тілеухановтың  «Елім менің» әнін мәдениет үйінің әншілерімен жиынға қатысушылар қоса орындап, жоғары деңгейде аяқтады.

Алтынай АЛМАСҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы