ҰСТАЗДАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ – ЖОҒАРЫ МІНДЕТ

477 көрілім

Түркістан қаласы әкімдігі Адами капиталды дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен оқу жылы бойына жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін тиімді пайдалану жолдарын үйрету және озық тәжірибелі педагогтардың іс-тәжірибесін кеңінен насихаттау яғни тарату мақсатында түрлі семинарлар өткізілетіндігі белгілі. Осындай семинарлардың бірі қаладағы Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінде өтті.
“Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту” тақырыбы аясында өткен онлайн оқыту семинар жұмысына аты айтып тұрғандай тарих, құқықтану пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинар аталған мектептің тарих пәні мұғалімі Бабахан Пиржанов 9 “б” сынып оқушыларымен ұйымдастырған “Қылмыстық құқық түсінігі” атты дөңгелек үстелмен басталды. Осыдан кейін Гүлмира Абсадикова 6 “а” сыныбының оқушыларымен “Қарахан мемлекеті” тақырыбында шебер сынып өтсе, Гүлмира Сагиндикова 7 “а” сынып оқушыларымен “XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті” тақырыбындағы сынақ сабағын, Фахриддин Усманов “Отбасының әлеуметтік мәні неде” тақырыбындағы диспут сабағын ұсынды.
Семинар соңында қалалық адами капиталды дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Т.Бегасилов қорытынды жасап, озат тәжірибелерін ұсынған ұстаздарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, басқа да мұғалімдер сөз алып, әріптестерінің еңбектеріне жоғары бағаларын берді.

Түркістан қаласы Адами капиталды дамыту бөлімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы