ДӘСТҮРЛІ АКЦИЯ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

566 көрілім

Түркістан қалалық орталық ауруханасында «Densaulyq» сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай және елімізде орын алған пандемияға байланысты медицина саласының қызметкерлеріне арнап, дәстүрлі акция өз жалғасын тапты.
Шарада аталған қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Р.Тұрымбетова елімізде орын алып отырған індетке байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, онда ақ халатты абзал жандардың адам жанының арашасы болуда аянбай алдыңғы шепте күресіп жатқанын тілге тиек етті. Акцияда төраға орынбасары Рахатжан Нұрашқызы Кентау, Түркістан қалаларының медицина саласында қызмет жасап жүрген бір топ көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Түркістан-ақпарат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы