- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қаладағы «Ақжайық» музыка мектебінде балалар құқығын қорғау мақсатында жиналыс болып өтті. Атаулы шараға Түркістан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық соты, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ – ның «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторы, қалалық адами капиталды дамыту бөлімі, тиісті сала мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиында Түркістан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаев қоғамда орын алып жатқан азаматтық неке салдарынан туындайтын бала дауын тілге тиек етті.
Бұдан соң адами капиталды дамыту бөлімінің бас маманы Гүлмира Жарқынбекова мемлекеттің негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау екенін айта келіп, білім беру ұйымдарының ҚР Конституция баптарына сай жеткіншектерді, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеудің маңыздылығын еске салды.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары тарапынан орын алған құқық бұзушылық әрекеттеріне талдау жасаған. 2019 жылы ҚПБ-ның есебінде тұрған 57 кәмелетке толмаған жеткіншектің 27- і, ал 2020 жылдың есепті мерзімінде 45 кәмелетке толмағандардың 18-і мектеп оқушылары болып отыр. 2019 жылдың қазан айында қала бойынша кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдермен жасалған 32 қылмыстың 15-і, 2020 жылдың қазан айында 18 қылмыстың 4-і мектеп оқушылардың тікелей қатысуымен орын алып отырғанын жеткізді.
Түркістан облысының прокуратурасы, полиция департаменті және қылмыстық атқару жүйесі департаментімен «Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мен жолын кесу жөнінде 2020 жылдың ақпан айында қала әкімі Р.Аюповтың өкімімен қала көлемінде 3 мобильдік топ құрылған. Аталған топ тиісті орындармен бірлесе отырып, осы жылы 24 күндізгі және түнгі рейд ұйымдастырды. Қорытындысы бойынша 34 оқушының ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алтынай АБАЙ.