БАС ҚАЛАНЫҢ “НҰР-СҰЛТАН” АТАЛУЫН ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҚЫЗУ ҚОЛДАДЫ

937 көрілім

Еліміздің бас қаласы елордамыз Астана қаласын Тұңғыш Президенттің құрметіне «Нұр-Сұлтан» деп өзгеруіне байланысты Түркістан қаласындағы Есім хан алаңында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Есім хан алаңына жиналған 10 мыңдай көрермен елімізге белгілі эстрада жұлдыздары – «Жігіттер» квартеті мен Ернар Айдар, Дима мен Дана және Айнұр Нұрашева, Нұржан Жүсіпбеков сынды жергілікті өнерпаздардың концерттін тамашалады.      Эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  Кешке жиналған көпшілік қауым елорданың аты  өзгергеніне,  Елбасының есімі ұлықталғанына  ризашылықтарын білдірді.

Кеште облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы Ұлы даланың кіндігінде орналасқан, Елбасының бастамасымен салынған  Астанаға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін беріп, тарихи тұлға мәртебесін асқақтатқан тарихи шешімді Түркістан облысының халқы да  қолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ айтыскер ақын, республикалық, халықаралық ақындар айтысының жүлдегері, «Дарын» жастар сыйлығының иегері  Біржан Байтуов та өлеңмен өрілген құттықтауын жолдады.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы