ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӘКІМДІК НАЗАРЫНДА

632 көрілім

Биыл қала көшелерінің 81 көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жоспарланған болса, қазіргі таңда қолға алынған жұмыстар толығымен біткен. Сонымен қатар, екі көшеде күрделі жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл көшелерден бөлек, тұрғындар сұранысына байланысты біршама көшелерде уақытша тас төсеу жұмыстары қолға алынған.

Атап айтсақ, қала әкімі Рашид Абатұлы «Бекзат» мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесіп, Қазақбаев көшесі мен Ә.Байқоңыров көшесі аралығындағы №17, 18, 19 және 20 көшелерінде тас төсеу жұмыстары жүргізілуін сала басшыларына тапсырды. Инфрақұрылым жүйелері толығымен аяқталғаннан кейін асфальт та төселінетінін айтып өтті.

Сонымен қатар, Рашид Аюпов жауапты мамандармен бірге «Сауран» мөлтек ауданы мен «Тұран» аумағына жол мәселесін бақылау мақсатында арнайы барды.

Күз және қыс мезгілінде жауын-шашын мен қар салдарынан тұрғындардың жүруіне, балалардың сабаққа баруына және жедел-жәрдем сынды көліктердің жүруіне қолайсыздық танытатын, тұрғындардан түскен әлеуметтік желілер мен арыз-шағымдары бойынша «Сауран» мөлтек ауданындағы Сырдария, Ордабасы, Көктөбе және Алмалы көшелері мен «Тұран» елдімекеніндегі Байкөкше шешен, Шоқтас және Тойшыбаев көшесінің жалғасындағы жол мәселесін қарап, апта ішінде тас төсеуге тапсырма берді. Ал, қазірде жобасы жасалып жатқан кәріз жүйесі іске асқан жағдайда асфальт салу бойынша да жұмыстар атқарылады деп күтілуде.

Жиналған халық өз кезегінде аталған көшелердің соңғы 20 жылда жөндеу көрмегенін айтты. Шаһар басшысы алдағы 10 күн ішінде «Сауран» мөлтек ауданындағы, ал екі апта ішінде «Тұран» елдімекеніндегі жоғарыда айтылған көшелерге тас төселетінін және «Сауран» мөлтек ауданында тұрғындар сұранысы бойынша балалар ойын алаңшасы салынатынын айтты.

Ақберен АМАНГЕЛДІ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы