Қазақ байырғы заманнан жетімін жебеп, жесірін жылатпаған . Қайырымды іс жасауды азаматтық парызы санаған Жетісай ауданының тұрғындары алты бірдей отбасыға баспана сыйлады. Игі іс ҚМДБ -НЫҢ 30 жылдық мерейтойына орай “Зекет” қорының ” Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында, Жетісай ауданында баспана тауқыметін тартып жүрген баспанаға шын мұқтаж 6 отбасына, барлық жағдайы жасалған үйдің кілті табыс етілді.
«Біздің елде жұмыла көтерген жүк жеңіл деген керемет сөз бар. Алдымен әрқашанда халықтың мұң-мұқтажын тыңдап көмек беріп келген елдің анасы атанған Жамал апамызға және оның ісін жалғастырып жүрген ұлы белгілі кәсіпкер Бахараддин Аблазимов бауырымызға елдің атынан рақметімді айтамын. Ауданда қайырымдылық арқылы баспана сыйлаудың жарқын үлгісін Жамал апамыз көрсетіп көпке үлгі бола білді. Бұл орайда жергілікті тұрғындардың ерекше белсенділігін айта кеткеніміз абзал. Әрбір баспананы салу барысында еріктілер тобының және жомарт жандардың еңбегі ерекше. Олар іргетастың қаланған сәтінен тұрғын үй салынып біткенше істің басы-қасында жүрді. Қайрымдылық жасау әдісі арқылы ауданның әрбір азаматы өзінің қолында бар дүниесімен бөлісіп, мұқтаж азаматтардың баспаналы болуына өз үлестерін қосу да. Алдағы уақытта да осындай баспана салу үшін жер телімдерін тегін бере отырып, қажетті жағдайды жасайтын боламыз» деді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев
Қазыбек би ауылдық округінде салынып жатқан он екі баспананың тиісті құжаттарын азаматтарға жергілікті атқарушы орган жасап бергенін айта кетуіміз керек.
«Мен баспана мәселесін 16 жылдан бері тартып келемін. Жұбайым өмірден өткен соң жағдайымыз тіптен қиындап кетті. Қолқанат болатын балдар жас. Азғантай ғана ақшаны жеткізе алмай көп қиналатын едім. Бүгін міне қайырымды жандардың арқасында ол ауыр күндердің барлығы артта қалды. Аудан басшысынан бастап барлық жандарға ризашылығымды білдіремін дейді» көп балалы жалғыз басты ана Жәудір Төреханова.
“Өздеріңіз білетіндей бұл істің негізгі ұйымдастырушысы әрі бастамашысы Бекзат Сыздыков екені белгілі. Бекең бастаған істі аудан азаматтарының қызу қолдауының арқасында осынша дүниелер жасалғанын көріп отырсыздар. Алдағы уақытта да қайрымдылық өз жалғасын табатын болады. Жақсылық жасау үшін әлі талай біргелесіп жұмыс атқаратын боламыз” деді Жетісай ауданы орталық мешітінің бас имамы Жорабай Дулатбаев
Бауыржан НАЙМАНОВ.
