АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

1  118 көрілім

Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан қаласы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында қаладағы «Алтын бұлақ» базарында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Түркістан қаласының кәсіпкерлері, Созақ, Түлкібас, Шардара аудандарының ауыл шаруашылық тауар өнірушілері және «Түркістан» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өздерінің тауарларын шығарды.
Жәрмеңкеге жоғарыда аталған аудандардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы 20-30 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды. Отандық өнімдер қала тұрғындарымен қонақтарға базар нарқынан 15-20 пайыз төмен бағада ұсынылды. Шарада көкөніс, еттен бөлек, сүт, балық нан тағы да басқа халыққа қажетті өнімдері саудаланды. Аталған іс-шара алдағы уақытта әр аптаның сенбі, жексенбі күндері өз да жалғасын табатын болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытты.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы