ТҮРКІСТАН: АГЕНТТІКТІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ӨҢІРЛІК ҚОЙМАНЫҢ БҮГІНГІ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

612 көрілім

Коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық аясында Қазақстандағы Бірыңғай дистрибьютор республикалық және жергілікті деңгейлерде дәрі-дәрмек сатып алу және тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жұмыстарын жалғастыруда. Осы орайда, Түркістан өңіріне арнайы ат басын тіреген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  агенттігінің Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы «СК–Фармация» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы өңірлік  қоймасына  арнайы барып, пандемияның екінші толқынына дайындық барысымен танысты. 

Бақылау барысында қауіпті індетке қарсы қажетті дәрілік препараттар, атап айтсақ «Парацетамол», «Риварокс», «Новиган-нео», «Прадакса», «Эликвис» дәрілері қорда жеткілікті деңгейде екендігі және өңірлік дәрілік қоймаға апта сайын Шымкент қаласындағы бірыңғай дистрибьютор Хабынан  дәрілік заттар мен антибиотиктер, сондай-ақ ковидке қарсы дәрі-дәрмектермен апта сайын толығып отыратыны белгілі болды. Өңірлік қойманың бүгінгі жәй-күйімен танысқан Агенттіктің Департамент басшысы Ғанижан Асанұлы дәрі-дәрмектердің толықтығын жіті бақылап,  алдағы уақытта  сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің емдеу орындарына жеткізілу барысында ешбір кедергілердің болмау қажеттігін жеткізді.   

Айта кетсек,   Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментімен  СК–Фармация» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы өңірлік  қоймасына және  дәрі-дәрмектердің баға тұрақтылығы мен дәрілік заттардың мемлекеттік емдеу орындарына толық тасымалдануына  тұрақты негізде  мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.      

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы