СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА АРНАЛДЫ

785 көрілім

Түркістан қаласында «Әлеуметтік қызметтер мен көмек көрсетудің ықпалдастырылған үлгісін енгізу» пилоттық жоба шеңберінде семинар-тренинг өтті. Тренингке әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім, ішкі істер салаларының мамандары қатысты. Жиын барысында «ЗУБР» Консалтинг орталығының кеңесшілері жобаның басты мақсатымен таныстырды.

– Бұл тренинг 2 күнге созылады. Оқудан өткен мамандарға сертификат табысталып, олардың тізімі Министрлікке жолданады. Сертификат алған мамандар көмекке мұқтаж отбасыларға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Жоба 2025 жылы заң аясында жүзеге асады. Бағдарламаның ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жобасының арқасында жүзеге асуда, – дейді өңірлік үйлестіруші Шара Әбдірахманова.
Айта кетейік, әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында Түркістан қаласы бойынша 10, Отырар ауданынан 2 отбасы іріктеліп алынған. Бұл отбасыларға тиісті сала мамандары көмек көрсететін болады.

Алтынай АБАЙ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы