Қала әкімі Рашид Аюпов әкімшілік-іскерлік орталықтағы “Алатау” медиа орталығы мен облыс әкімдігі ғимараты аумағындағы көгалдандыру жұмыстарын бақылады.Қураған жасыл желектер мен көгалдарға сын айтып, сумен қамтамасыз ету жүйесін басты орынға қоюды тапсырды. Сонымен қатар, күтімді аса қажет етпейтін көпжылдық гүлдерді егу қажеттігін айтты. Ал, көгалдардың қурамай өсуі үшін арнайы мамандармен ақылдасып, іске асыруды және Жібек жолы саябағы мен желілік саябақты да қолға алуды тапсырды.Сондай-ақ, Түркістан қалалық орталық ауруханасына барып, құрылған оттегі станциясын көріп, трансформаторды “Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің” басшысына аз уақытта орнатуды тапсырды. Нәтижесінде, электр желілері іске қосылып, бекеттің жұмысын жандандыруға сеп болмақ.
Айта кетейік, негізінен Түркістан қаласының Бас жоспарының жобасына сәйкес, қала айналасынан 7700 гектар аумаққа жасыл белдеу құру жоспарланған болатын. 2019 жылы 2300 гектар жер игеріліп, 1 млн-нан астам көшет отырғызылды. Қазіргі таңда қаланы жасыл аймаққа айналдыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.«Түркістан қаласы – жазы ыстық, табиғаты құрғақ аймаққа жатады. Сондықтан, көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарына айрықша назар аудару керек. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін жоспардағы 2400 гектардың қалған 1166 гектарына 1 миллионнан астам әртүрлі көшет егу жұмыстары жүргізілуде.
