ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

578 көрілім

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесіп «Педагог мамандар дайындау жүйесіндегі өзекті мәселелері» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел онлайн және офлайн режимде өтті.
Жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының орынбасары Ардақ Садықова, Түркістан қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова және аудан, қалалық білім бөлімі басшылары мен мектеп директорлары, білікті ұстаздар қатысты.
Аталған шара барысында педагогикалық мамандықтардың кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін дамыту мақсатында білім беру бағдарламаларын бірлесе дайындау, дуальды оқыту жүйесін және педагогикалық бағыттағы практикалық іс-тәжірибені жетілдіру. Сонымен қатар, университет және мектеп арасындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын жетілдіру, университет базасында ғылыми-әдістемелік институт ашу және мектеп ұстаздарының үздіксіз өзін-өзі жетілдіруіне көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша университет және Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы арасында жұмыс бағыттары негізінде келісім жасалып, салалар бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Маңызды жиында қарастырылған мәселелер бойынша көптеген пікірлер мен талаптар айтылды, оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізілді.

Ақпарат орталығы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы