БІЛІМІ МЕН БІЛІКТІЛІГІН МОЙЫНДАТҚАН ҰСТАЗ

734 көрілім

Сауаттылық адам мен қоғамның жалпы мәдениетінің негізі, әлеуметтік прогрестің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл тұрғыда өскелең ұрпаққа білім, таным жолындағы маңызды буыны, ғылым әлеміне жол көрсетуші тұлға – ҰСТАЗ болып есептеледі.

Міне, сол ұстаз-педагогтердің қоғамдағы мәртебесі мен беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Ең білімді педагог» байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып өткізіледі.

Ғылым мен инновацияның теориялық және практикалық мәселелерін география, экология, биология, химия саласындағы қажетті жаңашылдықтарды оқыту бағдарламасында кеңінен қолдану өріс алған.

Сол себепті де жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің шеберлігін шыңдауға негізделген «Ең білімді педагог – 2020» IV Республикалық пән олимпиадасына қатысқан №11 «М.Байзақов» атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Ұлжан Есенбаева жүлделі І орынға ие болды.

Қазіргі кезде ғылым мен инновацияның теориялық және практикалық мәселелерін география, экология, биология, химия саласындағы қажетті жаңашылдықтарды оқыту бағдарламасында кеңінен қолдану өріс алды.

«Кәсіби өсу – педагогикалық қызметке жалпы әсер ететін, өзінің жеке-кәсіби әлеуетін ашудың үздіксіз үрдісі. Бұл үдерісте педагогтің өзін-өзі жетілдірудегі жеке қызығушылығы үлкен маңызға ие. Міне, сол жеке қызығушылықтары мен кәсіби біліктіліктерін ұштастыра білген ауданымыздың ұстаздары түрлі байқауларда жеңіске жетіп, мерейімізді үстем етіп жүр» дейді Жетісай ауданы Білім бөлімінің басшысы Тұрсынбай Мырзалиев.

Жаңашылдықтардан шет қалмай, тынымсыз ізденіс пен білімдерін жетілдіріп отыратын ұстаздарымыздың білім берудегі жаңартылған мазмұны әр баланың түрлі пәндерді оқуына көмектесіп қана қоймай ой ұшқырлығын да дамытады, тұлғалық сипаттамаларын қалыптастырады. Бұл шыңдалудың жемісі оқушылардың жасөспірім кездері мен ересек өмірлерінде қажет болары даусыз.

Бауыржан НАЙМАНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы